Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұстаздардың семинары өтті

21.05.2014 3808 0 пікір

Алматы қаласының бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажы жазғы демалыс қарсаңында Алматы қаласының мешіт ұстаздарының басын қосып, семинар өткізді. Семинардың мақсаты жазғы демалыс уақытында ұйымдастырылатын сауат ашу курстары мен лагерьлеріне қала мешіттерінің дайындығын пысықтау болатын. Қаладағы әр мешітте ұстаздық қылып жүрген ер және әйел ұстаздардың алдына үлкен талаптар қойылды. Семинарда балаларға сапалы білім беру, олардың жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп оқыту, сабақ жоспарының бірізді болуы, белгілі бір оқулықтарды пайдалану және басқа да көптеген өзекті мәселелер сөз етілді.

Семинар соңында бас имам ұстаздарға сәттілік тілеп, Исламның хақ жолына аянбай еңбек етуге шақырды. Семианардан соң ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен шығарылған мұғалім сәни кітабының 5000 данасы әр мешітке үлестіріліп, тегін таратылды. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретудан балаға» демекші, ұстаздық аса жауапты әрі еңбекқорлықты, жалықпауды қажет ететін абыройлы іс. Пайғамбарымыз с.а.с. әрбір мұсылман баласы оқу-жазуды білсе, білімді болса деп армандап өтті емес пе?! Олай болса, «Сендердің ең қайырлыларың, Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендер!»,-деген Пайғамбар сөзі ұстаздардың жанына азық болып, ақіреттегі сауабы молынан болсын дейміз. 

 

Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру