Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған өңіріндегі ұлағатты кездесулер

21.05.2014 3342 0 пікір

Талдықорған өңіріндегі  бұл жолғы кездесулердің жөні де, ауқымы да,  ерекше болды.

Бұл үрдіс еліміздегі білімді мамандарымыз Арман Қуанышбаев және  Асқар Мұқанов сында исламтанушы мамандарымыздың келуімен басталып Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында және Талдықорған қаласында «Мәдениет үйлерінде» жалпы халықпен кездесулер ұйымдастырылған болатын.

Бұл кездесулердің ерекшелігі бұқара халықпен қоса барлық өкіметтік қызметкерлерде толықтай қатысты.

Облыстық дін істер басқармасының басшысы бастаған барлық қызметкерлері бірнеше күн сапарласа жүріп атқарылған шара, арадағы береке-бірлікпен ынтымақты күшейтіп, өзара сыйластықты арттырды.

Ғалымдарымыздың келуімен басталған бұл үрдіс бүгінгі күні жалғасын тауып облысымыздың өкіл имамы Ахмадиев Серікхан екі күнде Талдықорған, Текелі қалаларында және Ескелді, Көксу ауданының мәдениет үйлерінде халықпен кезігіп, имандылық төңірегінде ой тербелді.

Кездесуге қатысқан қала, аудан және ауыл әкімдері бастап жалпы халық болып Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының абыройын көтеруге атсалысып, биылғы жылы белгіленгендей дінмен дәстүрімізге және төрт бағыт бойынша бастамаға толықтай қолдау көрсетуіміз керек екенідігі жайлы айтылды. Дәстүрлі дініміз аясында өткізілген бұл шараға қатысушылардың баршасы өз разылықтарын білдірді.

Бұл шаралар алдағы күндері Қаратал, Кербұлақ және Панфилов сынды аудандарымыздың мәдениет үйлерінде өз жалғасын табады деп жоспарлануда.

 

ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызыметі
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру