Таяуда Елбасы Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Соның нәтижесі бойынша Алматы қаласының шекарасы жалпы аумағы 23200 гектар жерге кеңейтіліп, Алматы облысына қарасты Іле ауданының 604,6 гектар, Қарасай ауданының 16069,7 гектар және Талғар ауданының 6525,7 гектар жері қала аумағына қосылды. Сонымен қоса ол жерлерге қарасты мешіттер де Алматы қаласының аумағына енді.
Мамыр айының 20 күні Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет бұрынғы Қарасай ауданынан қала аумағына кіретін мешіттерді Алматы облысының бас имамы Ә. Аташевтен ресми түрде қабылдап алды. Атап айтқанда, Ақжар елдімекеніндегі «Нұр» мешіті, Таусамалы елдімекеніндегі «Әбу Бәкір» мешіті, Қарағайлы елдімекеніндегі «Қарағайлы» мешіттері қала аумағына өтті. Қаланың бас имамы аталған мешіттерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысты, тиісті аудан имамдарына мешіт жұмыстарын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар беріп, алдағы жоспарларды пысықтады.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.05.2014
3487
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру