Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраудағы алқалы жиын

19.05.2014 3330 0 пікір

Ағымдағы жылдың 16 мамырында Атырау қаласында Атырау облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігімен бірлесіп «Ислам терроризмге қарсы!» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Аталған шараға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасының орынбасары Е.Абдақасов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы орынбасары С.Ораз, саясаттанушылар, мемлекеттік органдар өкілдері, облыстағы ЖОО-дар мен орта білім беру орындарының студенттері, ғалымдар, республикалық және облыстық қоғамдық пікір көшбасшылары, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, Дін істері басқармаларының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
 Конференцияның мақсаты -  Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығын сақтаудағы және жастардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастырудағы дәстүрлі ислам құндылықтарының орны мен рөлін ашып көрсету. Сонымен қатар еліміздегі діни экстремизм мен радикализм қауіп-қатеріне қарсы тұрудың ғылыми-идеологиялық тәсілдерін пысықтау болып табылады
Атаулы ғылыми-тәжірибелік конференцияны Атырау облысының әкімі орынбасары Шыңғыс Мұқан жүргізіп отырды.
Конференцияда ҚР Дін істері агенттігінің төрағасының орынбасары Е.Абдақасов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасының орынбасары С.Ораз, саясаттанушы Е.Т.Карин сөз сөйледі.
Жиын нәтижесі бойынша іс-шара қатысушыларының Үндеуі  қабылданды.
centre-ato.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру