Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бітіруші түлектерге бас имам бата берді

19.05.2014 3622 0 пікір

Мамырдың 19-ы күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен Атырауға ат басын тіреген теолог-ғалым, дінтанушы  Арман Қуанышбаев пен мешіттің құрметті ақсақалдары қаланың мектеп түлектерімен кездесті.

Өкіл имам өз сөзінде: «Жаратушыдан «Раббым, білімімді арттыра гөр»,-деп тілеп, дұға қылыңдар. Таза жолда жүрсеңдер білімдерің артады. Білім алудан, еңбек етуден шаршамай, еліміздің бетке ұстар азаматы мен азаматшалары болыңдар!»,-деген тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, қонағымыз дінтанушы Арман Қуанышбаев: «Маман болудың алдында, ең бастысы адам болуды мақсат қойыңыз. Білім іздеп, білімді болуға әрекет жасаңыз»,-деп, асыл дініміз білім алуды ең маңызды істер қатарына жатқызатыны турасында тоқталып өтті. Сонымен қатар, мешіттің құрметті ақсақалдары түлектерге өз баталарын беріп, бас имам атынан естелік сыйлықтар таратылды.

Жиынға Атырау қаласының 600-ге жуық мектеп түлектері мен мұғалімдері қатысты.

«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру