Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үздік имамдар шипажайға аттанады

19.05.2014 3409 0 пікір

Осы аптада Мақтаарал аудандық «Өткелбай» мешітінде имам-молдалардың жиналысы болып өтті. Оған аудан имамы Б.Сыздықов арнайы қатысып, атқарылған жұмыстарды  қорытындылады.

Мәжіліс барысында ҚМДБ-нан және өкілдіктен берілген тапсырмалар уақытылы орындап, үлгі болып, апталық дәрістен үнемі қалмай келетін «Жұманұлы Базарбай» мешітінің имамы Абдусаттаров Ахметханға демалып кайту үшін шипажайға жолдама берілді.

Бұл жолдаманы «Төлеген» шипажайының директоры касіпкер Төлегенов Бақытжан қажы беріп отыр.

Аудан имамы Б.Сыздықов алдағы уақытта да әр тоқсан қорытындысы бойынша жақсы жұмыс атқарған дін қызметкерлері шипажайға жолдама берілетін болып шешілді.

Үлгілі имамдарымызға еңбектерінің жемісін көруді нәсіп етсін! 

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша 
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру