Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралдағы жастар форумы

19.05.2014 3507 0 пікір

Өткен күні КАЗИИТУ-інде БҚО ішкі саясат басқармасы мен Татар мәдени орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы және Татарстан Республикасының көшбасшы жастарының форумы өтті. Форумға БҚО ішкі саясат басқармасы мен  Жастар саясаты өкілдері, Татарстан жастар ісі министрлігі өкілдері, Татар мәдени орталығының қызметкелері, Орал медресесі шәкірттері және Орал қалалық мешітінің наиб имамы Бейімбет Дүйсенәлі қатысты. Форумда екі ел арасындағы достық, жастардың бүгіні мен болашағы, үкіметтің жастар үшін жасалынып жатқан бағдарламалары қозғалды. Татарстан жастар қауымдастығының төрағасы Яруллин Табрис пен Орал қалалық мешітінің наиб имамы Бейімбет Дүйсенәлі сұхбаттасып, екі жақты дін ахуалдары мен діни оқу орындары жайлы әңгімелесті. Форум екінші бөлімі әртүрлі тақырыпта жалғасын тапты. «Ислам – ынтымақ діні» тақырыбында жастар арасындағы сұхбат Мұхаммад  Ғариб Тулбаев атындағы қалалық мешітінде өтті. Мешіттің бас имамы Қ.Ғилманов делегаттарға мешітті таныстырып, асыл дініміз туралы насихат айтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру