Әз Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) өзінің мүбәрак хадисінде: «Ережеп - Алланың айы, шағбан - менің айым, рамазан - үмметімнің айы» - деген. Қасиетті Ережеп айы да есігін ашты. Дінбасы Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің биылғы жылы қайырымдылық шарасын, әр өңірлерде ұйымдастырылып, өткізілуіне көңіл бөлуде. Осыған орай, Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Алпамыс Тілеубергеновтың бастамасымен қаладағы әлеуметтік аз қамсыздандырылған, әрі дүние есігін ашқалы бері жаны жарымжан жандарға көмек қолын созып, азық-түлікпен жәрдем көрсетті. Тіршіліктен теперіш көріп, өмірдің тауқыметті сынағын өткеріп келе жатқан отбасы Алланың разылығын аңсаған мешіт қызметкерлерінің бұл мейірімділігі мен ізгі істеріне шексіз алғысын білдіріп, ақ тілегін арнады.
Имандылықтың шартының өзі адал және әділ болуға, әлсізге, жоқ-жітікке, кемтарға қайырымдылық ету, ұрлық, қиянат сияқты кеселді қылықтарға жол бермеу болып саналады. Жаратушы иемізден елімізге жерімізге тыныштық, бірлік, бейбітшілік заман тілеп, жанымызға саулық, асыл дініміз Исламның әлемге нұрын шашуын бір Алладан тілейміз!
Қызылорда қалалық "Айтбай"
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.05.2014
3430
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру