Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраулық жамағат Арман Қуанышбаевпен жүздесті

18.05.2014 3455 0 пікір

Мамырдың 16-сы күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы ұйымдастыруымен белгілі дінтанушы, теолог-ғалым Арман Қуанышбаев Атырау облысы жамағатымен кездесіп, уағыз жүргізді. Уағызшы қазіргі уақытта мұсылманның бойынан ұмытылған маңызды сипатттарға, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және исламдағы әйгілі ғұламалардың мұсылман үмбеті үшін қалдырған асыл қасиеттеріне кеңінен тоқталумен уағызын өрбітті.

Құрметті ғалым Арман Қуанышбаевтың салмақты сөздерін сағынышпен тыңдаған қалың жамағат уағыз соңында көкейдегі сауалдарына нақты жауаптарын алып, қимастықпен қол алысып тарасты.

 

 «Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру