Маңғыстау облысына Бас мүфти тапсырмасы бойынша келген РАНТ мүшелері, яғни ҚМДБ-ның Уағыз насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Е.Оңғаров пен Ақтөбе қалалық мешіттің бас имамы Б.Тәжімбет 12-16 мамыр аралығында өз жұмысын жоғары деңгейде атқарды. Облыс көлемінде атқарылған ақпараттық насихат жұмыстарының қорытындысы ретінде 16 мамыр күні сағат 16:00-де облыстық әкімшіліктің коференция залында БАҚ өкілдеріне пресс конференция өткізді.
Е.Оңғаров пен Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков 5 күндік ақпараттық насихат жұмысы барысында түрлі мекемелерде 23 кездесу өткізгенін, кеездесулерге жалпы саны 6904 адам қатысқанын мәлімдеді. Өткізілген кездесулерді тартақып айтар болсақ:
Ақтау қаласында – 10 кездесу
Жаңаөзен қаласында – 5 кездесу
Түпқараған ауданында – 1 кездесу
Қарақия ауданында – 1 кездесу
Маңығыстау ауданында – 1 кездесу
Мұнайлы ауданында – 1 кездесу
170/1 қатаң режім колониясында – 2 кездесу
170/2 қатаң режім колониясында – 2 кездесу.
Пресс конференция барысында журналистер РАНТ және діни ахуалға қатысты бірнеше сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға Е.Оңғаров пен өкіл имам жауап беріп, жалпы алғанда еліміздегі соның ішінде Маңғыстау облысындағы діни ахуалдың тұрақты екендігін айтып өтті.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшылығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.05.2014
3042
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру