Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұқтажға көмек беру міндетіміз

18.05.2014 4023 0 пікір

«Көршісі аш болып, өзі тоқ жатқан бізден емес» деген хадис баршамызға ой салары анық. Елім, жерім, отаным деп туған жерге деген ыстық ықыласпен шеттегі қандастарымыз көшіп келуде. Оралман болып, мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, азаматтық алуды асыға күтіп жүргендер саны аз емес. Сондай жандарға арналған Ақтау қаласындағы оралмандарды бейімдеу орталығында көмекке мұқтаж қандастарымыз көп. Қолдарында төлқұжаты болмағандықтан мемлекет тарапынан берілетін тиісті жәрдемақыны ала алмай күнкөрістері қиындаған. Оралман ағайынның басым көпшілігі көп балалы отбасылар. Осы жағдайды ескере отырып, Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков көмекке мұқтаж 10 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Мешіт тарапынан жасалған қайырымдылық шарасы үшін өкіл имамға алғыстарын айтып, ақсақалдар ақ баталарын берді. Өкіл имам алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шарасының жалғасатынын тілге тиек етті.

 

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру