Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфтидің саңлақ сахабалар туралы уағызы

18.05.2014 3269 0 пікір

Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз Атырау қаласына ат басын тіреді. Ғылыми-тәжірибелік конференция аяқталған соң, құтты қонағымыз «Иманғали» орталық мешітінде жұма уағызын жүргізіп, жамағатпен жүздесті.

Жұма уағызы мұсылман үмбетінің шоқ жұлдыздары – саңлақ сахабалар турасында өрбіді. Жұма намазынан кейін арнайы дастархан жайылып, дастархан басында мешіт жамағаты арасынан абыройлы ақсақалдар қатары өз баталарын беріп, ҚМДБ-ның қызметіне ризашылықтарын білдірді.

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру