Ағымдағы жылдың 16-шы мамырында Атырау қаласында Атырау облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігімен бірлесіп «Ислам - терроризмге қарсы!» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Осы шараға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз арнайы қатысты.
Конференцияның мақсаты – еліміздің тұрақтылығын сақтаудағы және жастардың отансүйгішітік қасиетін қалыптастырудағы дәстүрлі ислам құндылықтарының орны мен рөлін ашып көрсету. Сонымен қатар, қарапайым халық арасында діни экстремизм мен радикализм идеяларын алдын-алу бойынша ғылыми-идеологиялық тәсілдерін пысықтау болды.
Конференцияның пленарлық мәжілісіне ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Абдақасов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз, Қауіпсіздік бағдарламалары орталығының Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы, саясаттанушы Ерлан Қарин, Мысыр Араб Республикасындағы әл-Азхар университетінің шейхы Мухаммад Жамалуддин Хашим, Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры Амангелді Айталы қатысып, өз баяндамаларын жасады. Шараға бір топ ғалымдар ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, «Нұр-Мүбарак» қазақ-египет ислам университетінің проректорының орынбасары Рахымжан Әкімбеков, белгілі теолог-ғалымдар Әбдусаттар Сманов пен Арман Қуанышбаев, Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы мен облыс мешіттерінің имамдары қатысты.
Аталмыш ғылыми-тәжірибелік конференцияны ашқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Мұқан барша қатысушыларды құттықтап, облыста діни ахалды оңалтуға жүргізілген жұмыстардың негізгі бағыттары туралы тоқталып өтті.
Конференцияға арнайы қатысқан ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз өз сөзінде дінде асығыстық жасап, асыра сілтеуге болмайтындығын, асыл дініміз ынтымақ пен бірлікті дәріптейтейтінін атап, осыған байланысты бірнеше хадистер мен мақал-мәтелдерді мысалға келтіріп өтті.
Шара соңында наиб мүфти Серікбай қажы Оразұлы ғылыми-тәжірибелік конференциясының барлық қатысушы - дін жанашырларына алғысын білдірді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.05.2014
4210
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру