Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жол апаты марқұмдарына дұға жасалды

16.05.2014 4987 0 пікір

Соңғы кездері жол апаттары жиілеп кетті. Оның басты себептері сауатсыз жүргізушілер болса, енді бірі ащы судан татып алған адамдардың кесірінен болса, ал енді бірі техникалық ақаулардан болып жатыр. Осындай келеңсіз жайыттардан бір емес бірнеше ел қорғар азаматтарымыз, ақ жаулықты аналарымыз, жас бүлдіршіндеріміз өмірден өтіп жатыр.

Жүрекке қайғы салған апаттардың бірі, осыдан бірнеше күн бұрын  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының Шиелі ауданы, Тартоғай елді мекені маңында жол апаты орын алды. Бұл апаттан екі көлік жүргізушілерін қосқанда 10 адам көз жұмып, бірнеше жанұяға қайғы әкелді.

Әрине, бұл оқиға баршамыздың қабырғамызды қайыстырып кетті. Аталарымыз көптің дұғасы тез қабыл болады дейді. Осы орайда, облысымызға қарасты барлық мешіт жамағаттары және орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Өкіл имамымен қатар қала имамдары марқұмдарға арнайы Құран оқып, марқұмдар үшін дұға етіп, туған-туыстарына көңіл айтты.

Мұсылманның бір-біріне жасаған дұғасы тез қабыл болады дейді, сол себепті де еліміздің аманшылығымен, халқымыздың тыныштығын және елімізді табиғат апаттарымен, жол апаттарынан сақтай көр деп Алладан екі алақанымызды жая отырып шын жүректен тілесек лайымда қабыл болар.

Алла тағала мұндай қайғылы оқиғалардан сақтап, аспанымыз ашық болып, еліміз бірлік пен ынтымақ аясында өмір сүргей.

Қызылорда облысы өкілдігінің
баспасөз хатшылығы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру