Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінде Режеп айының ораза ауызашары жалғасты түрде берілуде. Бұл игі шара алдағы уақытта Шағбан айларында да жалғасын табатындығын «Бекет ата» мешітінің бас имамы Дәуренбеков Орынбасар қажы сөз етті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүбәрак хадисінде: «Режеп - Алланың айы, шағбан - менің айым, рамазан - үмметімнің айы»,-деген. Ораза ұстау - бұл пендені тақуалыққа жетелейтін және Алланың алдында дәрежесі жоғары салихалы амалдардың бірі екенін де атап өтті.
Ауызашарға ҚМДБ-ның пәтуа бөлімінің орынбасары Шоқанов Сансызбай қатысып, жиналған жамағатқа «Ораза ұстаушының қадір қасиеті» жайында уағыз айтты.
Алматы қаласы, Алатау аудандық
«Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.05.2014
5468
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру