Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Журналистер бас қосты

16.05.2014 3323 0 пікір

БҚО Дін істер басқармасының ұйытқы болуымен  «Журналистердің діни сауаттылығын арттыру мәселесі» атты оқыту семинары болып өтті.

Семинардың мақсаты облыстағы дін мәселесімен айналысатын журналистердің діни  сауаттылық деңгейін арттыру, діни экстремизм мен террроризмге қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік оргондар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара байланысын нығайту.

Оқыту семинарына   дін мамандары,  облыстық,  қалалық, аудандық  БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Облыстық дін істер басқармасының дінтану сараптамасы, мониторинг және ақпараттық-талдау бөлімінің жетекшісі Саялбек  Махамбетұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мұратбек Қыстаубаев «Қазіргі жат ағымдардың қоғамға әсері, таралу жолдары», «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі, исламтанушы Арман Нұрахметұлы «Ислам дінінің негіздері», Орал православ шіркеуінің баспасөз хатшысы, «Благовест» газетінің бас редакторы Игумен Дорофей «Православияның негізі», БҚО дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің жетекшісі Баянгүл Семғалиева «БҚО-дағы христиандық бағыттағы діни бірлестіктері» атты тақырып бойынша баяндамаларын оқыды.

Шара соңында журналистер толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

 

ҚМДБ-ның БҚО
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру