Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дәстүр дәріптеліп, дін насихатталды

16.05.2014 3421 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының шешімімен 2014 жыл «Дін және дәстүр» жылы деп жарияланған еді. Осы игілікті іс шараның шеңберінде өлкелерде халықтың салт-дәстүрін дәріптеп, дәстүрлі дінімізді насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Қазіргі заманда әлемде көптеген елдер өз елінің дәстүрлерін, тілін сақтау үшін арнайы заң қабылдап ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Сондықтан елдің бірлігін сақтап, болашағын баянды ету үшін игі ықпалын тигізетін шараларды ұйымдастыру заман талабы болып отыр. Осыған орай Ақмола облысы Степногорск қаласының «Паң Нұрмағамбет» мешітінің және «Нұр Отан» Партиясының қалалық филиалының ұйымдастыруымен 2014 жылғы 13-мамырда «Горняк» ОМС-да «Дін және дәстүр» жылына арналған жас өнерпаздардың «Әр қазақ менің жалғызым» атты концерті өткізілді. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Халық музыкасы факультетінің студенттері Рахым Қуандық, Мұхит Нұрбол және Жаңабаев Ақылбек қала халқына дәстүрлі әндердің тамаша кешін тарту етті. Кеш барысында Ақансерінің, Біржан салдың, Жаяу Мұсаның, Иманжүсіптің және басқа өнер тарландарының әндері орындалды.

Сонымен қатар жас әншілер 2014 жылғы 14-мамырда Бөгенбай батыр атындағы Спортта дарынды балалардың облыстық мектеп интернатында оқытушылар мен оқушыларға концерт берді. Осы оқу орнының кітапханасына ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының «Дін және дәстүр» кітабы тарту етілді.

Жас әншілер осы күні Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің Мәдениет үйінде де концерт қойды. Кенттің кітапханасына бас мүфтидің кітаптары берілді. Қала және кент тұрғындары жас өнерпаздардың өнеріне тәнті болып, даталы жылы атаулы өнерді насихаттап жүргені үшін айрықша ризашылық білдірді.

 

Степногорск қаласының
«Паң Нұрмағамбет» мешітінің баспасөзі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру