Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ІТ отаудағы кездесу

15.05.2014 3180 0 пікір

Өскемен қаласындағы Пушкин атындағы кітапханада кездесу болды. Бір ерекшелігі жиын кітапхана ішінде орналасқан  WiFi – желісіне қосылған киіз үйде болды. Яғни IT отауда. Кездесуге арнайы Өскемен орталық мешітінің найб имамдары Е. Қыдырмолдаұлы және Д.Тілеуханұлы, ШҚО-тық Дін істері басқармасынан және аға буын мен студенттер жастар қатысты. Жиында «Дін мен дәстүр» жылы туралы және muftyat.kz, muslim.kz, assalam.kz, azan.kz т.б. сайттармен таныстырып көрсетілді. Яғни қазіргі ақпарат заманында асыл дініміз туралы түрлі сұрақ-жауап және ислам дінініне қатысты ақпаратты аталмыш сайттардан алуға болатыны айтылды. Жиында жан-жақты пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында мұндай кездесу жалғасын тапса деген пікірлер айтылды.

Өскемен қалалық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру