Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастар экстремизм мен терроризмге қарсы

15.05.2014 5261 0 пікір

Терроризм - әлем жұртшылығы бүгінгі күні тап болып отырған ең қауіпті қоғамдық ықпалдардың бірі. Тіпті экономикалық жағынан дамыған елдердің өзінде де террористік әрекеттер орын алып жататыны баршаға аян. Тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне, халқының тыныштығына нақты қауіп әкелетін экстремизмнің шектен шыққан көрінісі – терроризм екендігі даусыз. Сондықтан да жұртшылықтың назарын діни экстремизм және терроризм проблемаларына аудару, облыс орталығы тұрғындарына, әсіресе жастарға радикалдық діни идеяларды қабылдамау иммунитетін дарыту мақсатында 2014 жылы 14 мамырда Павлодар облыстық  орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті облыс әкімдігінің дін істері басқармасының жанындағы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-мен бірлесіп «Жастар терроризм мен экстремизмге қарсы!» атты флешмоб ұйымдастырды.

Сәрсембі күні сағат 17.00-ден 19.00-ге  аралығында өткен мектеп оқушылары, үкіметтік емес ұйымдардың жастары және облыс орталығының ниет білдірген тұрғындардан құралған шерушілер Сәтбаев-Естай, Сәтбаев-Лермонтов, Сәтбаев-Қайырбаев көшелерінің бағыттары  бойынша 3 тараппен жүріп  өтіп  соңында, орталық жағажайда сап құрамында  қатарласа тұрып «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» - «Экстремизму и терроризму нет!» деген үндеуді бірлескен дауыспен үш рет айтып, сонан соң аспанға ақ және қара шарлар жібереді.

Шеру кезінде терроризмнің экстремистік және радикалдық мәнін ашатын буклеттер таратылыды.

Шеруге шамамен бір мыңнан астам адам қатысты.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру