Ақтау қаласына келген РАНТ мүшелері 13-ші мамыр күні бекітілген жоспарға сәйкес Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылының мәдениет үйінде 11:00-де ауыл тұрғындары және мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар Е.Оңғаров пен өкіл имам С.Сейтбековке өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Артынан бесін намазына жиылған Теңге ауыл мешітінде жамағатқа уағыз айтқан Е.Оңғаров пен өкіл имам С.Сейтбеков, түстен кейін Жаңаөзен қалалық мешітте ханафи мәзхабының дәлелдері жайында уағыз айтты. Ал Ақтөбеден келген қонағымыз Б.Тәжімбет пен облыстық мешіттің найб имамы А.Асқар Қарақия ауданы Жетібай кентінде тұрғындармен кездесіп, уағыз айтса, кешке шаммен құптан арасында Жаңаөзен қалалық мешітте жамағатқа ақида мен ханафи мәзхабының ұстанымдары жайында тартымды уағыз айтып, жамағаттардың сұрақтарына жауап берді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.05.2014
3178
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру