Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауатты жастар – ел болашағы

15.05.2014 4225 0 пікір

Мамырдың 14-і күні кешкісін «Иманғали» орталық мешітінде елімізге танымал дінтанушы, теолог, ғалым Әбдісаттар Сманов уағыз жүргізді.

Уағызшы Әбдісаттар Сманов нақақтан-нақақ қан төгу үлкен күнә екенін, сондай-ақ бейбіт халықты ушықтырып дау-дамай туғызып жүрген білімі таяз топтар туралы да сөз етілді. Сонымен қатар, дінтанушы өз сөзінде: «Мұсылман бір-біріне зиян келтірмеу керек. Мақсатымыз мұсылман бірлігі мен ынтымағы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қарама-қайшылыққа түспеңдер, сіздердің жүректерің қарама-қайшылыққа түседі»-деген»-деп, осы секілді бірнеше хадистерге тоқталып өтті.

Сондай-ақ, теолог, ғалым Әбдісаттар Сманов жастардің діни сауаттылығы қазіргі таңда аса маңызды екеніне де көңіл бөліп, жастарды дұрыс білім алуға шақырды.

Уағыз соңында жиылған жамағат көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оған тұщымды жауаптарын алды.

«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру