Күні кеше ғана түрлі діни кітаптарды тықпалаған жандардан ірі қалаларда аяқ алып жүре алмайтынбыз. Тіпті, бұл көз үйренген тірлік болып кетті десек пікіріміз шындықтың ауылынан еш аулақтамайды.
Осы қоғамдық санадағы түрлі діни ағымдар мен секталардың салған лаңы Елбасымыздың тікелей бастамасымен қолға алынған заң жобасын даярлау халықтың кең көлемді қолдауына ие болып, тыңғылықты талқыға салудан өтіп барып, 2011 жылы қазанның 13-і күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Діни қызмет және діни бірлестік туралы» заңға қол қойып қабылданды.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі алғашқы жылдарда жас мемлекет – Қазақстан алдында экономика мен әлеуметтік-саяси жағдайды тұрақты дамыту секілді күрделі міндеттер қатар сол кезеңдегі аса маңызды міндеттердің бірі ұлттық тұтастықты сақтап қалу мен қоғамның рухани-өнегелік тұрғыда дамуына қатысты мәселелер еді.
Кеңестік биліктің күйреуімен қатар атеизмді насихаттауға негізделген кеңестік идеологияның да іргесі сөгілді. Діни сенім бостандығы аясындағы мемлекеттік саясат дінаралық келісім мен достық қағидаттарына негізделді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты негізінде мемлекетімізде өмір сүретін барша халықтар мен түрлі дін өкілдеріне сол кезеңдегі қиындықтарға қарамастан тең дәрежеде қамқорлық танытылып, Қазақстан мемлекеті олардың ортақ шаңырағына айналды.
Егемендік жарияланғаннан кейінгі бір ай ішінде, яғни 1992 жылдың 15 қаңтарында «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Бұл құжат діни бірлестіктер заңнама шеңберінен шықпаған жағдайда мемлекет тарапынан олардың ісіне қол сұғылмайтындығына кепілдік берді. Бірақ, шынын айту керек бұл заң өте жұмсақ болып, көптеген елдерде тыйым салынған діни ұйымдар ел аумағында, оның ішінде біздің Шығыста да тамыр жайып алды.
ШҚО бойынша қазіргі таңда дәстүрлі Ислам мен православие халықтың басым бөлігінің діні болып саналады. Облысымызда 194 мешіт пен 40 шіркеу жұмыс жасап жатыр.
Таяуда Бородулиха ауданына дін мәселелері бойынша облыстық ақпараттық-насихат тобы келіп, қазіргі қалыптасып отырған діни ахуалға қатысты өңір жұртшылығымен басқосулар мен семинарлар ұйымдастырып, ауданның ірі елді-мекендерінің жұртшылығымен кездесу жасап қайтты. Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы – Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджанов басқарған АНТ құрамында: Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу Орталығының директоры – Индира Қилымбекқызы Беркімбаева, Семей өңірі бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы, Бородулиха ауданының бас имамы Әріпжан Қожанұлы, ШҚО дін ахуалын талдау және мониторинг бөлімінің меңгерушісі – Ольга Александровна Гайко, Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының бас маманы – Айдын Бақытбекұлы Астаев, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік техникалық университеттің аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты – Лилия Николаевна Глушковалар болды.
Ант тобы жергілікті зиялы қауымымен, шаруа қожалықтары жұмысшыларымен, жергілікті имамдармен, мемлекеттік және күш құрылымдары қызметшілерімен түрлі кездесулер өткізді. Осы кездесулер барсында ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Манарбек Әзімбекұлы діннің қоғамда алып отырған орны жайында кеңінен түсіндіре келе дәстүрлі діннен ірге ажырататын діни ұйымдардың түрлі аярлығын нақты облыста орын алған оқиғалар арқылы қос тілде ұғынықты етіп жеткізді. Әрі 1992 қабылданған Заң мен қазіргі қолданыстағы заңның өзгешеліктерін тарқата айтып береді.
Кездесулерге қатысқан жұртшылық өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға АНТ тобы тарапынан тұщымды жауаптар ала алды.
Біз сөзге тартқан Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Рыскүл Абузарқызы Атаева: “Бұл кездесулер барлығымыз үшін пайдалы болды деп ойлаймын. Барлығымыз өздеріне қажетті ақпарат алып, дін саласында білімдерін жетілдірді деп ойлаймын. Осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін. Барлығымыз да ортақ үйіміз Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен келісімнің сақталуына өз үлесімізді қосуымыз керек”, – деп тәлімді кездесудің оңды жағын ашып көрсетті.
С.Әбілқасымұлы
Бородулиха ауданы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.05.2014
3561
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру