Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам мешіт істеріне көңіл бөлді

14.05.2014 3503 0 пікір

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы облысқа қарасты мешіттердің діни ахуалына бағыт берумен қатар шаруашылық істерді де қаперінде ұстап, өз кезегінде мешіттерді аралауды жоспарлы түрде жүзеге асырып келеді. Өкіл имам кезекті жұмыс барысында Қарағанды қалалық №1-мешітінің жанындағы қосалқы құрылыс нысанындағы жұмыс барысымен танысты.

Құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуіне мән беріп, өзге де осыған қатысты жайттардың барысын талқылады. №1-мешіттің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы өкіл имамды қарсы алып, құрылыс жайында ортақ пікірлерді қамтып, әрі қарай орайы келіп тұрған сауапты істі бірлесе атқаруды жөн көрді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің көгалдандыруға қатысты тікелей тапсырмасын басшылыққа ала отырып «Имандылыққа ұйытып елімізді, тал егіп көркейтейік жерімізді»-атты сауапты акцияны сабақтастырып, мешіт ауласына үйеңкі және қайың көшеттерін отырғызды. Мешіт жамағаттары да бас имамдармен бірге тал отырғызуға білек сыбанып кірісіп кетті. Сонымен биыл №1-мешітің ауласына жүз жиырмаға жуық түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.

Қарағанды қалалық
№1-мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру