Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарға тың тапсырмалар жүктелді

13.05.2014 3295 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы тарапынан ағымдағы жыл «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай өңірдегі барлық мешіттерде тиянақты жұмыстар жүргізіліп, тиісті іс-шаралар атқарылуда.

Жақында Шығыс Қазақстан облысының өкіл имамы, облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы Асановтың басшылығымен облыстық орталық мешітте аудан және қала имамдарының басын қосқан кезекті алқалы жиын болып өтті. Ең алдымен аудандардағы діни ахуалды имамдардың өз ауздарынан естіп білген Нұрлан қажы олардың атқарып жатқан ісіне оң баға бере отырып, алдағы уақытта жұмысты одан әрі ширата түсуді, жамағатпен қарым-қатынасты нығайтуды, бүгінгі күн талабына сай шәкірттер дайындауды, мүфтият тарапынан бекітілген тақырыптарға сай уағыз-насихатты дұрыс жолға қоя білуді талап етті.

Бұған қоса, «Дін мен дәстүр» сабақтастығына орай үш бағыт бойынша:

1. Дін мен дәстүрге қайшы көзқарас ұстанатын, қоғамға лаң салып, бүлік тудырып жүрген жат ағым өкілдерін табанды түрде даналық жолымен мүфтият төңірегіне топтасуға күш салу;

2. Уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жұртымызды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақыру;

3. Қайырымдылық іс-шараларын жиі өткізу, қамқорлық акцияларын ұйымдастыруды үнемі жүргізіп отыру Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің негізгі тапсырмаларының бірі екендігін айтты.

Өкіл имамның алдынан тың тапсырмалар алып шыққан аудан және қала мешіттерінің имамдары жұмыстарын бұрынғысынан да ширата түсетіндерін айтып, ауылдарына аттанып кетті.

 

ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру