Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы мен Жезқазған шәкірттері Ұлытауда

13.05.2014 3477 0 пікір

Жезқазған қаласына Ұлы жеңістің мерекесіне орай берілген демалыстар қарсаңында Алматы қаласынан өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлының шәкірттері  арнайы ұстазының қолын алып, алыс жол жүріп өздерінің білімге деген талпынысын білдірді. Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің шәкірттерімен танысып-білісіп, үш жүздің басы біріккен Ұлытау бөктерінің табиғат аясында Қабылбек ұстаздың діни уағыздарын тыңдады. Спорттық шаралар ұйымдастырылып «футбол» ойындарын ойнап, келген қонақтарға ашық аспан астында арнайы дәмдер дайындалды. Ұлытаудың бауырындағы ақ қайыңдар арасынан сарқырап аққан тау суының жағасында, табиғаттың таза ауасымен тынығып, Алматы шаһарынан ат терлетіп келген шәкірттермен бірге қызықты әңгімелер айтып, бауырмалшылық ілтипаттарымен бөлісті. Осы  демалыстарын тиімді пайдаланып алыстан келген шәкірттер көтеріңкі көңілмен жасыл желектің көлеңкесінде ғибратты уағыз тыңдап, жаңа достарымен танысты. «Мұсылман мұсылманға бауыр» демекші татулықпен ауызбіршілікке баулыған тамаша тағылымды демалыс күндерін білім алуға сарп етті.

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру