ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітіне қарасты сауат ашу курсында қала, аудан және ауыл имамдарының білімін пысықтау үшін кезекті семинар сабақтары басталды.
12-ші мамыр күні таңертеңгі сағат 10.00-ден бастап Өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлының басшылық етуімен имамдарға жоспар бойынша Ханафи мәзһабының дәлелдері және өткен семинардағы «Фиқх» дәрістерін қайталау сабақтары басталды.
Жезқазған аймағына қарасты Сәтбаев, Қаражал қалалары, Ұлытау және Жаңаарқа аудандарынан келген имамдар өз білімдерін пысықтау үстінде. Күнделікті жамағат арасындағы мазалап жүрген сауалдарына да аймақтық өкіл имам мысалдар келтіре отырып жауаптарын беруде. Қоғамдағы дінімізге жат ағымның өкілдерін білім алу арқылы дұрыс жолға сала алатынын әрбір имам жете түсініп, жасы келсе де білімін шыңдау Алланың парызы екенін ұмытпағай. Алдағы уақытта осындай семинар дәрістері шариғаттың басқа да салалары бойынша наиб имамдар мен азаншыларға өткізіледі.
ҚМДБ-сы Жезқазған аймақтық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.05.2014
3115
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру