Бүгін ҚР-дағы орыс православ шіркеуінің Митрополит округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ақжайық еліне жасаған ресми іс-сапары кезінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султанов бастаған дін өкілдерін құрметті қонағы болуға шақырды.
Кездесуде ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султанов, Орал қалалық мешітінің бас имамы Ә.Тұрлыбеков және Тулбаев Мухаммед-Гариф мешітінің бас имамы Қ.Ғилманов, Өскемен мен Семей епархиясының эпископы Амфилохий, Орал мен Ақтөбе епархиясының архиепископы Антоний қатысты.
Бір сағатқа созылған бұл кездесуде жалпы діндердің ұстанымы болған бейбітшілік, ынтымақ-бірлік, ел тыныштығы қозғалды. Сан түрлі ұлт-ұлыстар тұратын қазақ жерінде де әртүрлі дін өкілдері ғасырлар бойы ауыз біршілікте өмір сүріп келеді. Сондықтан да, қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлем үшін дінаралық және ұлтаралық келісім салтанат құрған тату елдің жарқын үлгісіне айналып отыр.
Дін өкілдері мемлекеттің мүдделі саясатын, елбасымыздың көрсеткен сара жолын ұстана отырып, елдің бірлігі, ынтымағы жайында сөз өрбіді.
«Мен мұнда қуанышты жүрекпен келдім. Қазақстанда ежелгі діндерді, соның ішінде Ислам мен Православияны дамыту жолында нақтылы шаралар ойдағыдай жүзеге асып келеді. Оған мысал ретінде әлем діндері съезін айтсақ та жеткілікті. Мен осы іске өз үлесімді қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын», – деді Астана және Алматы митрополиті Александр.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султанов қолдау білдіріп, «Бізге тұрақты қоғам құрудағы төл жетістіктерімізді сақтап қалу өте маңызды. Елімізде әр алуан этно мәдени және діни дәстүрлердің бірге жасасып келе жатқаны айдан анық. Біздіңше, бұл көп этникалық және көп конфессиялық жасампаздық пен ілгерішілдіктің басты факторына айналуы тиіс. Біз рухани тәжірибедегі, тарих пен мәдениеттегі табиғи алуан түрлілікті баршаға ортақ игілік пен ілгерішілдік жолында пайдалануымыз керек», – деді.
Отырыс соңында Қазақстан Республикасының – біздің ортақ үйіміздің бүгінгі және ертеңгі өркендеуінің басты тұғыры деп тарасты.
Орал облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.05.2014
3496
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру