Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшелері Ақтау қаласында

13.05.2014 3401 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасына орай, республикамыздың барлық аймағында дініміздің құндылықтарын насихаттайтын және теріс ағымдардан тұрғындар мен намазхандарды сақтандыру мақсатында құрылған «Республикалық ақпараттық насихат тобы» 12-ші мамыр күні Ақтау қаласына келді. 12-16 мамыр аралығында жоспарға сәйкес бірнеше мекемелерде кездесулер өтеді деп жоспарлануда.

Қаламызға келген ақпараттық насихат тобының мүшесі ҚМДБ-ның «Уағыз насихат және интернетпен жұмыс» бөлімінің меңгерушісі PHD докторы Ершат Оңғаров пен Ақтөбе қалалық мешіттің бас имамы Тәжімбет Бақытбек.

Ақпараттық насихат тобын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Шөжеғұлов қабылдады. Е.Оңғаров ҚМДБ-ның атқарып жатқан жұмыстарын айта келе, Маңғыстау облысына келудегі мақсатын білдіріп, РАНТ-ға қолдау көрсеткені үшін облыстық әкімшілікке ризашылығын білдірді.

Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру