Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ел сақшыларымен салиқалы басқосу

12.05.2014 3408 0 пікір

2014-ші жылдың сәуір айының 6-шы жұлдызында Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімі және «Балмағамбет Балқыбайұлы» атындағы мешітінің ұйымдастыруымен аталмыш қалада орналасқан ішкі істер бөлімінде келелі кездесу өтті. Кездесуге ҚМДБ-ның  Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы және ішкі саясаты бөлімінің дін саласы бойынша бас маманы Ешмаханов Сұлтанбек Кенжебайұлы қатысты. Өкіл имам сөз басын Ислам деген сөздің өзі бейбітшілік, татулық достық деген мағыналарға саятынын айта келе, сол асыл дінімізге қазіргі уақытта қаншалықты күйе жағылып жатқандығын тілге тиек етті. Жастардың ақыл-ойын уақытылы дұрыс бағыттағы тәрбие жолына салмасақ, ертең бұл ағым елімізге, жерімізге тигізер зардабы зор екендігін де жеткізді. Осы бір келеңсіздіктің алдын алу кез-келгеніміздің мойнымызда тұрған міндет екенін де баса айтты. Тыңдаушылар тарапынан «Джихат» ұғымы, Сириядағы саяси жағдай, жат ағымның алдын алу жұмыстары жайлы сұрақтар қойылып, толық жауаптары берілді. Мекеме басшысы тарапынан өкіл имамға алғыс айтылды.

Сәтбаев қаласы
«Балмағамбет Балқыбайұлы»
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру