Кеше «Орал» медресесінің ұстаздары мен шәкірттері табиғат аясына шығып тәрбиелік шара ұйымдастырды.
Ұлы жеңістің 69 жылдығы мерекеге орай берілген демалысты тиімді өткізу мақсатында табиғат аясына шықты. Шәкірттер далада тамақ пісіріп, ұстаздардың діни уағыздарын тыңдады. Спорттық шаралар ұйымдастырылып «футбол», «волейбол» ойындарын ойнады. Маңғыстау мен Атырау облысынан келген шәкірттермен қатар, Египет Араб Республикасының азаматы, мысырлық Мохаммед Наги Шушан мырзада бірге болып, Жайықтың жағасы жасыл желекке оранғанын, табиғаттың таза саф ауасымен тынығып, дала қызықтарын шәкірттермен бірге бөлісті. Сөйтіп бір күнгі демалыстарын шәкірттер көтеріңкі көңілмен жасыл желектің көлеңкесінде ғибратты уағыз тыңдап, достармен сыр шертісіп, ұйымшылдыққа баулыған тамаша тағылымды демалыс өтті.
Қасымов Бердімұрат
«Орал» медресесінің директордың
тәрбие ісі бойынша орынбасары
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.05.2014
3203
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру