Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Студенттермен тағылымды кездесу

12.05.2014 3203 0 пікір

Студенттермен тағылымды кездесу

 Өскелең ұрпақты түрлі теріс ағымдардан сақтандыру дін саласындағы қызметкерлердің де басты парыздарының бірі. Сондықтан да болса керек, облыстық Марал ишан мешіті ұжымы осы бағытта қыруар жұмыстар атқаруда.

Жуырда аталған мешіттің наиб имамы Бақытжан Икрам мен азаншы Ғұмар Жұмағұловтар Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінің студенттерімен кездесті.

Онда жиналған жастарға «Теріс ағымға жол бермеу», «Дін мен дәстүр» сияқты аса маңызды тақырыптар әңгімеге арқау болды. Студенттердің қойған сауалдарына нақты жауап берілді.

Таяуда наиб имам Бақытжан Икрам Л.Толстой атындағы облыстық әңбебеп-ғылыми кітапханасында «Тероризм» тақырыбына байланысты кездесу өткізбек.

Мешіттің ауласына гүл отырғызылды

Көктем шығысымен облыстық Марал ишан мешітінің қызметкерлері қаланы абаттандыруға өздерінің лайықты үлестерін қосуға ұмтылады. Соның бір жарқын айғағы ретінде жақында осы киелі орынның ауласындағы жерлер қопсытылып, гүлдер егілді.

Бір тоқтала кетер жай, мешіт орналасқан зәулім ғимарат Қостанай шаһарындағы тарихи маңызы ерекше орындардың бірі. Соны жете түсінген мұндағы дін қайраткерлері абаттандыру, көркейту секілді маңызды жұмыстарға айрықша мән береді.

– Мешіт тек қана адамдар намазға жығылып, Құран оқытатын жер ғана емес, ол мұсылман бауырларымызға қай жағынан болсын өнеге болуға тиіс. Біздің қызметкерлер отырғызған сан алуан гүлдер күн жылысымен құлпырып, көздің жауын алады. Ол жұртшылықтың сұлулыққа, жоғары эстетикаға деген  құштарлықтарын барынша арттыра түседі, – дейді облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
 бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру