Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығыс шынары мұражайына саяхат

12.05.2014 3592 0 пікір

Өткен күні Орал қалалық мешітінің бастамасымен ұлы жеңіс мерекесіне орай Орал медресесі мен сауат ашу курсы шәкірттеріне 1932-1934 жылдары Батыс Алашорда қайраткері, дәрігер, ақын-ағартушы, журналист Ахмет Мәметовтың үйіне саяхат ұйымдастырылды. Саяхат мақсаты Ахмет Мәметовтың қызы Мәншүк апамыздың ерлігімен, өмірімен танысу еді. 1982 жылы 7-ші шілдеде ашылған мұражайдың серуен топ жүргізушісі Дулат Темірболатұлы шәкірттерге Мәншүк апамыздың ерліктерінен көптеген тарихи деректер келтіріп, басқада Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлес батырларды таныстырды. Сонымен қатар, соғыста қолданылған қару-жарақтар мен ыдыс-аяқтар, жауынгерлік киімдер, естелік суреттер шәкірттерге ұлы жеңістің оңай келмегенін сездіргендей. Бауыржан Момышұлы атамыздың: «Ешкім іштей батыр болып тумайды. Батырлықта мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады», – деген қанатты сөзі шәкірттерге ой салып, елжандылыққа жігерлендірді. Орал қалалық мешітінің наиб имамы Бейімбет Дүйсенәлі шәкірттерге Алла Елшісінің (с.ғ.с.): «Екі көзді тозақ оты шарпымайды: Алладан қорқыныштан жылаған көз бен Алла жолында елін күзеткен көз», – деген хадисін негізге ала отырып, Отан үшін күрескен марқұм ата-бабаларымыздың жұмақтықтардан жазылғай деген тілегін білдірді.

Орал қалалық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру