Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті айдағы ізгі іс

12.05.2014 3125 0 пікір

10-шы сәуір күні «Иманғали» орталық мешітінде әйелдер қауымы жиналып, қасиетті Ережеп, Шағбан, Рамазан айларына арналған шара өткізді.

Ұстаз Кәтип Миланбекқызының ұйымдастыруымен өткен бұл жиынға Бас имам Батыржан қажы Берденұлы арнайы қатысты. Ол өз сөзінде асыл дініміз исламдағы әйел баласының өзіндік орны жайында тоқталып, жиналған ақ жаулықты аналар мен әйел жамағатын қасиетті айлармен құттықтап, осы айларда жасалған амалдарға мол сауап берілетіндігі жайында уағыз-насихатын айтып, аналар туралы бірнеше аят-хадистерге тоқталып өтті.

Әйел жамағаттары ана туралы мағыналы да үлгі-өнегеге толы театралдық қойылым қойып, Алла тағала және оның Елшісін (с.ғ.с.) мадақтайтын әндер орындалып, викториналық сұрақтар ойнатылып, келген қонақтарға мешіт атынан сыйлықтар ұсынылды. Келелі кездесу жайылған дастархан басында өз жалғасын тапты. Шараға 40-қа жуық қыз-келіншектер мен апа-әжелеріміз қатынасты.

«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру