Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 69 жыл толуына орай республика аумағында жеңіс мерекесі тойлануда. Жеңіс мерекесінің қарсаңында Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жанбыров Талпақ пен Көшеров Дүйсенғали ақсақалды мешітке шақырып, құрмет көрсетті. Өкіл имам мен мешіттің ақсақалы әрі алқа мүшесі Лепес қажы ардагерлерге әуелі мешітті таныстырып, артынан Отан соғысында шейіт болған мұсылман аталарымыз бен аналарымызға арнап Құран оқып, бата жасады. Артынан қазақы дәстүрімізге сай ардагерлердің иығына шапан жауып, Халифа Алтай аударған қасиетті Құранды сыйға тартты. Ардагерлер мешіт қызметкерлерінің өздеріне жасаған құрметтері үшін алғыстарын айтып, баталарын берді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.05.2014
3206
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру