Алматы облысы Талдықорған өңірі бойынша өкіл имам Ахмадиев Серікхан Рымханұлының ұйымдастыруыменен салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Текелі қаласында имамдар мен жамағаттар арасында доп жарысы өткізілді, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің имамдарға қойған талабына сай имам әрі молдалардың дені сау, жан жақты, білімді, білікті, салмақты сабырлы болуын тапсырған еді, сонымен қатар спортта да білікті болуын талап етеді. Осыған орай, Текелі қаласында өткізілген шараға Талдықорған қаласына қарасты «Нұр» орталық мешіті, «Жетісу», «Еркін», мешітінің бас имамдарыменен жамағаттар жиналып өзара қызықты ойын ұйымдастырды. Ойын жайғана өтіп қойған жоқ қызықтыру мақсатында бірінші орынға Кубок пен 50 мың теңге, екінші орынға Кубок және 20 мың теңге, үшінші орынға Кубок пен 10 мың теңге ақшалай сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, әр жүлделі орынға Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Рымханұлының атынан Алғыс хат табыс етіп, Текелі қаласында жиналған жамағатқа ас берілді. Бұған дән имамдар ризашылықтарын білдіріп жамағат осындай ізгі шараның үнемі өтіп тұруын және алғыстарын айтып қыймай қыймай қоштасты.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.05.2014
3667
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру