Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Отан қорғаушыларды құттықтады

11.05.2014 3321 0 пікір

Отан қорғаушылар күнін Ақжайық жұртшылығы кең көлемде атап өтті. Қарулы күштерінің 22 жылдығына және Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған мектеп оқушыларының шеруі болып өтті.

Шеруге  Қала  әкімі Алтай Көлгінов, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, соғыс және тыл ардагерлері, мектеп оқушылары қатысты.

Қала  әкімі Алтай Көлгінов, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов бастаған өңірдің басшылары соғыс және тыл ардагерлерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Екінші дүниежүзілік қан майданда шейіт болған боздақтарға және де Жеңістің 69 жылдығына жете алмай кеткен ардақты ардагерлердің рухына арнап бір минуттық үнсіздік жарияланды. 

Мерекеге орай  қала әкімі Алтай Сейдірұлы мен облыс имамы Руслан Тыныштықұлына алғыс хат берілді.

Жиналған алаңында мектеп оқушыларының шеруі болып, мерекелік концертке ұласты.

 

ҚМДБ-ның  БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру