Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ізгілік - имандылықтың айнасы

11.05.2014 3497 0 пікір

Махабатпен жаратқан адамзатты,
Сенде сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті-деп өсиетін қалдырған данышпан Абай атамыз Алланың жалғыз және ең ұлықтығын, Ислам дінінің адамзатты дүниеде және ақыретте жақсылық пен бақытқа жеткізетін иләһи тәңірлік екендігін айтып, тура және әділетті жолдың Ислам діні екенін де атап өткен. Осындай бақытқа жетудің бастауы адамзатты имандылыққа бағыттап, Ислам дінінің қадір-қасиетін жастарға ұғындыру болып табылады.

Соның бірі ретінде ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі Нариман Ермекұлының ұйымдастыруымен демеуші азаматтар Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңіс мерекесінің құрметіне орай осынау көпшілік мерекесінің ең басты құлшылық амалы –  қайырымдылық істерінен шеткері қалмады. Айтулы мереке қарсаңында мешіт тарапынан мұқтаж болған бірнеше отбасыларға азық-түлік көмегі көрсетілді.

Имандылықтың шартының өзі адал және әділ болуға, әлсізге, жоқ-жітікке, кемтарға қайырымдылық ету, ұрлық, қиянат сияқты кеселді қылықтарға жол бермеу болып саналады. Жаратушы иемізден елімізге жерімізге тыныштық, бірлік, бейбітшілік заман тілеп, жанымызға саулық, асыл дініміз Исламның әлемге нұрын шашуын бір Алладан тілейміз!

 

ҚМДБ-ның Павлодар облысы
бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру