Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ардагерлерге құрмет – әрбір жанға міндет

11.05.2014 3514 0 пікір

Сұрапыл соғыс талай жанның тағдырына сызат түсіріп, арыстай азамттарымыз бен азаматшаларымыздың өмірлерін жалмады. Міне, биыл сұм соғыстың бітіп, бейбіт заман орнап еліміздің ақ таңының атқанынан 69 жыл толды. Ел үшін, жер үшін күрескен бүгінгі қарттарымызыға Қызылорда облысының орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы ас берді.

Ақ дастарханды Аллаһ кәләмімен ашып, аталарымыз ақ батасын берді. Дастархан басында қарттарымызбен емен-жарқын пікір алмасып, соғыста болған оқиғаларымен бөлісіп бүгінгі күнге шүкіршіліктерін білдіріп жатты.

Асқарова Алтын (неміс тілінің аудармашысы, медбике 89 жаста): «Мен соғыста жүргенімде пленге түстім, сонда өлген немістердің қалтасын қарап кішкентай нан ұсағын тапсақ қуанып аузымызға салып, сорып жүретінбіз. Олардың қалтасын тексеріп хат тапсақ аударатынбыз», - деп еске алып жүректерімізді бір тебірентті. Йә, бұл ынтымағы жарасқан елімізбен кең байтақ жерімізге қол жеткізу әсте оңайға түспеді. Осыны жастар тереңінен біліп түсінсе екен дейміз.

Қарияларымыз жасы келген үлкен кісі болғасын шақырылған көп жерлерге барғысы жоқ. Тек Аллаһ үйінің қызметкерлері шақырғасын келіп отырмыз, негізінде сіздер шақырмай Алла үйіне біз баруымыз керек, бізді құрметтеп шақырғандарың үшін Алла сіздерді құрметтесін, көп-көп рахмет деп ағынан жарылды батыр қарттарымыз.

Амал қанша, соғыстан аман қалған қарттарымыз күн санап сиреп барады. Бұл батырларға жыл сайын емес, күн сайын құрмет көрсетілседе аз болар. Алдағы уақытта мешіт ұжымы ай сайын осы қарттарымыз үшін арнайы шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Жиыннан соң қарияларымызға сыйлықтар таратылып, естелік суреттерге түсті.

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру