Атырау қаласының «Иманғали» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен сұрапыл жылдарда көз жұмған батыр ағаларымызға дұға оқылып, дастархан жайылды.
«Қариясы бар елдің қазынасы бар» демекші, дастархан басында бас қосқан облысымыздың ардагер ақсақалдары кешегі қантөгіс майданда өткерген жайттарымен бөлісіп, ендігі өмірде тыныштық бейбіт тіледі. Ардагерлер сөз соңында мешіттің Бас имамы Батыржан Берденұлына құрметпен қастерлеп, осындай дастархан жайғанына үлкен алғыстарын білдірді.
Бас имам Б.Берденұлы ардагерлерді алда келе жатқан жеңістің 69 жылдық мерекесімен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен шыққан «Дін мен Дәстүр» атты кітабын ардагерлерге ұсынды. Жиынға 20-дан аса соғыс ардегерлері қатысты.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.05.2014
3134
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру