Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ардагерлерге ас берілді

11.05.2014 3278 0 пікір

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес. Себебі оның құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!

Бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп, қан-майданға аттанған жауынгер аталарымызға, Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облыстық орталық мешіттің ұжымы, ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, Қарағанды облыстық орталық мешіттің Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен облыстық мешіттің асханасында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған мерекелік дастархан жайылып, ас берілді. Келген ардагерлер алдында Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің құттықтауын жеткізді. Отанды қорғау жолында құрбан болған марқұмдардың Алла алдындағы дәрежесін айтып, Құран аяттары мен хадис шарифтен мысалдар келтіріп, ерен ерлік пен еңбектері үшін ардагерлерге ризашылығын білдірді. Өкіл имамнан кейін Дін істер агентігінің, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Жандос Нығыман ардагерлерді жеңіс күнімен құттықтады. Басқыншы жаумен болған соғыста бейбіт өмір үшін күресіп, соғыста құрбан болған марқұмдардың рухына Құран бағышталды. Мерекелік ас соңында ардагерлерге қаржылай сыйлық, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабын тарту етті.

Ұлы Жеңісті жақындатып, бейбіт өмірде еліміздің өркендеуіне қомақты үлес қосқан ардақты ағалар шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына шынайы алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

 

Қарағанды облыстық орталық 
мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру