Туған жерге, отанға деген сүйіспеншілік – терең иманнан туындайтын сезім. Қасиетті Құран кәрімде «отан», «отаншылдық» деген ұғымдар кездеспейді. Алайда Алла Тағала Құранда: «Өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Сендер бір-біріңе дұшпан едіңдер Ол жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар», («Әли-Имран» сүресі, 103-аят)-деп бір-біріне рухани желімен көгенделген бүкіл иманды жандарды бауыр, туысқан дей отырып осы бауырлықтан артық ешбір қатынас түрі жоқ екендігін білдірген. Қасиетті Құран Кәрім тағылымы адамзаттық өркениетті байыта отырып, әрбір ұлттың өз болмысын сақтағанын, олардың бір-бірімен тәжірибе мен дәстүр алмастырғанын құптайды. Қастерлі де киелі болып саналатын, біздің қуанышпен қарсы алатын мерекелеріміз - Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесіне орай ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исенов Павлодар қаласында тұратын соғыс және тың ардагерлері Сембай Темешұлы, Райся Төлендіқызы, Елемесов Нығмет, Байбазарова Нұрлыхан қатарлы ардагер аталар мен апаларды қуанышты күндерімен құттықтап сый-сияпаттар жасады.
Өкіл имамның ардагер аталар мен аналарға арнаған құттықтау хатында: «Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіс арналған құттықтауымызды қабыл алыңыз!
Исламда бес нәрсені қызғыштай қорғау міндеттеледі. Ол Отаның, дінің, ұятың, жаның және дүние – мүлкің. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) бір хадисінде: «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі Отанды қорғап шекара күзеткен көз»-делінген. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктері ұмытылмайды.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы
бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.05.2014
5957
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру