Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің құрылғанына 22 жыл толуына орай және алдымызда кележатқан 9 мамыр Жеңіс күніне қарсы Жезқазған қаласы «С.Қожамқұлов» атындағы қазақ-драма театрында әкімшілік басшылығымен ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өткізілді.
Арнайы шақырылған қонақтар қатарында Астана қаласынан мәжіліс депутаты Тасболатов Абай Бөлекбайұлы қатысып, жиналған ардагерлер мен қала тұрғындарын мерекелерімен құттықтап, шынайы лебіздерін білдірді. Егеменді еліміздің ауызбіршілігін бағалауға шақырды.
Қала әкімі Шайдаров Серік Жаманқұлұлы басқарған ұжым басшылары және Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы осы игі шараның қонақтары, ардагерлер мен Отан қорғаушыларды алдағы келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Қаламыздың 60 жылдық мерей тойына байланысты дамуына еңбегі сіңген қызметкерлерге арнайы марапаттау дипломдары және сыйлықтар табыс етілді.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағының
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.05.2014
3406
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру