Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ертістің Кереку өңірі имамдары бас қосты

06.05.2014 3654 0 пікір

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қала және аудан имамдары кезекті кездесуде бас қосты. Аталған жиында қала, аудан имамдарымен қатар бүгінде басты назарда тұрған Солнечный, Жуантөбе, Қалқаман, Майқайың, Кенжекөл елді-мекендерінің имамдары да қатысып, олардың арнайы есептері тыңдалды.

Кездесу барысында өкіл имам Нариман Исенов облысымыздың діни ахуалына тоқтала келе, имамдардың атқарып жатқан жұмыстары мен іс-шараларына назар аударып, алға қойған міндеттердің орындалу барысы әрбір имамнан жеке-жеке сұралды. Сонымен қатар, қасиетті дінімізді жаю жолында атқарылып жатқан іс-шаралар, жақсы тәжірибелер ортаға салынды. 

«Нұр Мүбарак» Ислам университеті мен облысымыздағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесін насихаттау, оларға оқуда озат, үлгілі шәкірттерді тарту мәселесі қаралды. Әр имам шағбан және ережеп айының қадір-қасиетін ұғындыру мақсатында ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру керектігі, атқарылған шаралар баспасөз беттерінде жариялануын қадағалауды, әр имам өз қызметіне жауапкершілікпен қарау, алдағы уақыттарды ауыл имамдары аудан мешіттерінде, аудан имамдары қала мешіттерінде көрсетілген кесте бойынша жұма уағыздарын өткізу қатарлы  бірқатар тапсырмалар берілді.

Өткізілген келелі жиында аудан имамдары атқарылып жатқан шаралары жайында өзара пікір алмасты. Бұл жиынның басым бөлігі мешіттердің жұмысын жақсарту мен имамдардың қызметіне бағытталды. Бір қатар тапсырмалар мен кей имамдарға ескертулер берілді. Алдағы маусым айының алғашқы аптасында облыс имамдарының кезекті көшпелі басқосуын Баянауыл ауданының «Мұса мырза» мешітінде  өткізуге келісті.

 Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру