Қазақ елінен Ұлы Отан соғысына бір миллионнан астам жауынгерлер қан майданға аттанған екен, бірақ Алланың қалауымен үш жүз мыңнан астам адам соғыстан оралмады. Биыл 9-мамыр екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінің 69 жылдығына орай 6 мамыр 2014 жылдың сейсенбі күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан 10 ардагері және тыл еңбеккерлеріне Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ұлы жеңіс күні мейрамымен құттықтау сәлемдемесі айтылып, Қарасай аудандық «Смағұл» мешіт тарапынан құрмет көрсетіліп, әрбір ардагерге қайырымдылық көмек ретінде мерекелік дастарханға қажет азық-түлік беріліп, сұрапыл соғыстан қайтпай, қайтыс болған марқұмдардың рухына Құран бағышталып, дұға жасалынды.
Қарасай аудандық
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.05.2014
3732
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру