5-ші сәуір күні Орал қалалық мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның тапсырысы бойынша «Асыл арна» телеарнасының 2013 жылы рамазан айында түсірген «Мұнаралы еуропа» бейне түсірілімін Орал медресесі мен сауат ашу курсының шәкірттеріне көрсетілді. Еуропадағы асыл дінімізідің орнын, ахуалын, дамуын баяндайтын бейне түсірілімде батыстың сегіз мемлекетіне саяхат жасалып, сол өлкелерде діннің жайылуы туралы деректер келтірілген. Сонымен қатар, Ислам орталықтары, мешіттер және намазханаларға толы қалаларда дін ұстанушылардың құқықтары да ескерілген. Ораза ұстап, Құран оқуға деген талпыныстары биік еуропалық жастардың отанға деген құрметтері де жоғары. Осынау бейне түсірілімнен әсер алған шәкірттерге Орал қалалық мешітінің наиб имамы Бейімбет Дүйсенәлі сауалдар қою арқылы діни сауаттылықтың маңыздылығын насихаттады: «Ислам – бейбітшілік ауызбіршілік, ынтымақ діні. Ислам таралған жерде бейбітшілік пен парасаттылық орнап, мәдениеті мен дәстүріне сіңісіп кетеді. Сіздердің діни білімдеріңізді шыңдауларың біріншіден жұмақтық амалдарың болса, екіншіден еліміздің имандылықпен көркемделер болашағының кепілі. Исламды ұстанып, сол тұрғылықты жерін құрметтеген еуропалық бауырларымыздың көптеген амалдары біздерге үлгі. «Отанды сүю – иманнан» деген осы болар» – деп, шәкірттерге ой салып, жігерлендірді.
Орал қалалық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.05.2014
3517
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру