Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теңбілдоптан сайысқа түсті

05.05.2014 3785 0 пікір

Қостанайда дін қайраткерлері күнделікті имандылық мақсатындағы қарбалас жұмыстарымен қатар адамға берері мол салауатты өмір салтын ұстануға да айрықша назар аударуда.

Осы сөзіміздің дәлелі ретінде жақында ғана Қостанай ауданындағы Затобол кентіндегі «Маңдай батыр» мешітінің мұрындық болуымен спорттық ойындар ұйымдастырылды. Онда Қостанай, Рудный және Затобол мешіттерінің жас жамағаттары арасында «Достық түбі – береке» атты футболдан жолдастық кездесу өтті.

Бұл спорттың түрінен болған жарысқа жоғарыда аталған Затобол мешітінің қызметкерлері, Қостанай орталық, Заречный, Рудный мешіттерінің жамағаттары  және Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің жанынан құрылған жастар ұйымы қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша: жүлделі 1-ші орынға Рудный мешіті,  2-ші орынға Маңдай батыр мешітінің командасы, ал 3-ші орынға облыстық Марал ишан мешітінің жастар ұйымы ие болды.

Футболдан кейін Қостанай аудандық мешітінің  асханасында ас берілді.

Мешіттегі ашық сабақ

 Жуырда облыстық Марал ишан мешітіндегі Діни сауат ашу курсының қыз-келіншектері арасында «Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға сағыныш» атты ашық сабақ болып өтті.

Оны дәріс алып жүрген бойжеткендер Нәрия  Ақбабақызы мен Жақсыгүл Сайранова жүргізіп, жұртшылықтың алғысына бөленді. Талапкер  Салтанат Әнуарбек «Сағындым сені, Иә, Расулулла!» деп аталатын өлеңін оқыды.

Сондай-ақ, Айнұр Амангелді орындауында «Пайғамбарға арнау» өлеңі де көпшіліктің көңілінен шықты.

Ал студент  Нәрия Ақбабақызы «Пайғамбарға мадақ» әнін домбырамен шырқап жүректерді қозғады. Ал діни сауат ашу курсындағы қыздар дайындаған «Пайғамбарға сағыныш» атты көрінісін де мешіт жамағаты ықылас қойып тамашалады

Осынау кеш соныңда белгілі ақын Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған «Алладан басқа жоқ тәңір» әні орындалып жоғары көңіл-күй сыйлады.

Басқосудың қай жағынан болсын бергені мол. Мұндай ашық сабақ болашақта да жалғасын таба бермек.

 ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру