Елім, тілім, дінім деп, жарғақ қанаты жастыққа тимей жүрген РАНТ мүшелері Жетісу жеріне ат басын тіреген еді. Жоспарланған бес күн ішінде жеті мың адаммен жүзбе-жүз кездесулер өтіп, халық рухани бір байлыққа кенелгендей болды.
Жергілікті дін істері басқармасы, ішкі саясаты мен бірлесе отырып ұйымдастырылған шаралар жоғары дәрежеде өтті. Аудан, ауылдарды аралай насихат жасаған топ, әр түрлі тақырыптарда уағыздарын өрбітті. Осы жолғы Талдықорған өңіріне РАНТ-ның белді мүшелері Арман Қуанышбаев пен Асқар Мұқанов келді. Ел аралауда насихатшыларымызбен бірге өңірлік өкіл имамы Серікхан Ахмадиев, ДІБ-ның басшысы Т.Қасымберкебаев және діндерді зерттеу орталығының басшы бірге болды.
Аталған семинарға әр ауданға қарасты ауылдық округтердің әкімдері, аудан әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің және аудандық діни ақпараттық топтың мүшелері, құқық қорғау органдары қызметкерлері, аудандағы барлық мешіттің имамдары және жастар орталықтарының жетекшілері, дінтану пәні мұғалімдері мен оқушылары, сондай-ақ тұрғылықты қара халықта қатысты.
Әуелі аудан, ауыл тұрғындарымен кездескен, насихатшылар артынша қалаға оралып, оқу орындарымен кездесу семинарлар өткізіп, мешіт жамағаттарымен жүздесті.
Өңірдегі қала, аудан, ауыл имам-молдаларға жеке кездесу ұйымдастырылып семинар өтті. Бір күн тек имамдарға арналды, имамдықтың жауапкершілігін сезіндіру, мінез-құлық, жүріс-тұрысы турасында болса, түстен кейін қалай жұмыс істеу жолдары мен даналықты ұстану жолдарын қарастырып көкей-кесті сұрақтарға жауап берілді.
Облыстық «Жетісу» телеарнасында екі сұхбат берілді. Бірі, «Азаматтық неке» жайында болса, екіншісі «Дін мен дәстүр» аясында тартымды сұхбат болды.
Соңғы күн. Екі уағызшы екі мешіттің мінберінде жұманың уағызына шықты. Ал түстен кейін, жетімдер үйіне барып, балалардың басынан сипап, көңілдерін көтеріп, сапар барысында ауқымды орындармен жерлерді қамти насихаттарын жасап қайтты.
Алла тағала елімізге тыныштық, дін Исламға қуат, жамағатымызға бірлік бергей.
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2014
3612
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру