29 сәуір күні Ақтау қаласындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде «Жастар – ел ертеңі» атты тақырыпта өткен кездесу барысында қоғамымыздың идеология саласындағы қазіргі таңдағы өзекті мәселелері сөз болды.
Ел ертеңі жастарға арналған шараға Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков, Маңғыстау облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының хатшысы Гүлжан Исмурзина, Маңғыстау облысы жастар саясаты басқармасының бастығы Бауыржан Тұяқов қатысты. Кездесу барысында жастарға мемлекетіміздің ұлтаралық және дінаралық саясатын түсіндіріп өтті. Облыс имамы еліміздегі дінаралық келісім мен татулық және ислам дінінің осы бағыттағы ұстанымын айтса, Бауыржан Тұяқов пен Гүлжан Исмурзина ұлтаралық татулық пен ынтымақ және жастардың жан-жақты болулары қажеттігі жөнінде кеңінен айтып өтті.
Студент жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, кездесу қонақтары оларға тұшымды жауап берді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2014
3987
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру