Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауыл тұрғындарымен мәдениет үйінде кездесіп, асыл дініміздің құндылықтары жайында уағыз айтты. Кездесуді Таушық ауылының әкімі Әзербаев Шалқыбай жүргізіп отырды. Өкіл имам мәдениет үйіне жиылған ауыл тұрғындары мен мектеп ұстаздары және оқушыларға имандылық жайында әсерлі уағыз айтып, ғибратқа толы оқиғаларды тілге тиек етті. Уағыз барысында жастарға ата-ананы қадірлеу, Алла құзырында үлкен күнәлар болып саналған амалдардан бойларын алыс ұстауларын баса назарда айтып өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өкіл имамға өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып жатты. Әрине өкіл имам сұрақтардың әрбіріне тұшымды жауап берді. Кездесудің соңында өкіл имам ауыл әкіміне «Дн мен дәстүр» кітабын тарту етті. Имандылық, тәрбиелік тақырыпта уағыз айтқан өкіл имамға ауыл ақсақалдары ризашылықтарын білдіріп алғыстарын айтып тарқасты.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2014
4426
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру