Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тал егіп көркейтейік жерімізді

05.05.2014 3766 0 пікір

«Көктемнің әр күні — жылға азық»-деп халқымыз бекерге айтпаған. Жер — Ана еміреніп, дала төсі бусанып жатыр. Көктем мезгілі ағаш көшетін отырғызатын қолайлы кезеңдердің бірі. Атадан балаға мирас болып келе жатқан оңтайлы әрі сауапты істі жалғастыру мақсатында, мамыр айының 3-ші жұлдызы Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұжымы, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей тапсырмасына орай, өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тікелей бастамасымен «Имандылыққа ұйытып елімізді, тал егіп көркейтейік жерімізді» атты акциясын, Жалпы және жастар істері бөлімінің өкілі Жақия Мерейдің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттарымен студенттер Қарағанды — Астана тас жолының оң жақ қапталына 26 000 түп ағаш отырғызды.

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 600 000 түп ағашпен және техникамен жабдықтады. Түп ағаштар Қарағанды «Тұқым бағында» баптап өсірілген. Биылғы жылға 600 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған болатын, соның 26 000 түп ағашы отырғызылды. Бұл аталмыш акцияны Қарағанды жамағаты мен жоғарғы оқу орындарының студенттері әр сенбі сайын жалғастыруға ниеттерін білдірді.

«Атаңнан мал қалғанша,  тал қалсын»-деп ата-бабамыз текке айтпаған болар. Адам баласының үш міндеті: үй тұрғызу, ағаш отырғызу және бала тәрбиелеу. Сондықтанда, қаламыздың жоғарғы оқу орындарының студенттері  мен мешіт жамағаты бірігіп ағаш отырғызып сауапты, оңтайлы істі атқарды.

 

Қарағанды облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру